Дивиденд

Компания акционерлері өзара бөлісетін пайда. Латынның dividendum – «енші, үлес» дегенді білдіретін сөзінен шыққан.




Акционерлік қоғам, серіктестік сияқты кәсіпорындарды құрушы жеке және заңды тұлғалар әуелі оның жарғысын жасайды. Онда кім құрылтайшы не акционер екені көрсетіледі.


Компания қызметінен түскен табыстың бір бөлігі құрылтайшылар мен акционерлердің бәріне тиесілі. 


Дивиденд көлемін директорлар кеңесі мен акционерлер өзара келісіп, анықтайды. Ол кәсіпорын табысы мөлшеріне қарай өзгереді. Сол себепті де дивиденд жылына не бірнеше рет төленуі, не мүлдем берілмеуі мүмкін.


Әдетте салық төлеуден, резерв капиталын толықтырудан, өндіріс шығынан, топ менежерлер сыйақысынан қалған қаражат дивиденд ретінде жұмсалады. Сонымен бірге кәсіпорынды құруға қатысушылар оны акция түрінде де ала алады.


Мысалы, 2020 жылы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұлттық операторы – «ҚазМұнайГаз» акционерлері 81,7 миллиард теңге болатын дивидендті өзара бөлісті.


05/04/2021 13:08 4091 0

05/04/2021
13:08 4091 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление